«Өнерлі ұрпақ – ұлт рухының болашағы» атты қорытынды есеп беру шығармашылық концерті
🗓️ 23 мамыр күні ШҚО Ұлан ауданы ЮНЕСКО Клубының мүшесі «Балалар музыка мектебі» КМҚК «Өнерлі ұрпақ – ұлт рухының болашағы» атты қорытынды есеп беру шығармашылық концерті өтті.
🔹 Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың жыл бойғы шығармашылық жетістіктерін көрсету және жас ұрпақты рухани-мәдени тұрғыда тәрбиелеуге үлес қосу. Кеш барысында көрермендерге әндер, күйлер, шет елдік музыкалық шығармалар, түрлі ұлттардың билері мен театрландырылған қойылым, ансамбльдік орындаулар ұсынылды. Бұл кеш — ұстаздар мен оқушылардың бірлескен еңбегінің жарқын көрінісі болды.
💐 Оқу жылының жарқын жаңалығы Ұлан ауданы Балалар музыка мектебінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша көне дәуірден жеткен қастерлі мұрамыз, көне аспап - Адырна сыныбы ашылды. Бұл игі бастама ұлттық өнерді дәріптеуге, жас ұрпақтың бойына халқымыздың рухани құндылықтарын сіңіруге бағытталған маңызды қадам болды. Қазіргі таңда аталған сыныптың негізінде ұлттық мұрамызды насихаттайтын этно-фольклорлық ансамбль құрылып, шығармашылық жұмысын табысты бастап кетті.
🔹 Шығармашыл концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілік көңілінен шықты. Шара соңында кеш қонақтары және Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Маделхан Мәдібеұлы сөз сөйлеп, мектеп ұжымын және директоры Бақытжан Омарғалиқызы Аханованы құттықтап, алғысын білдірді.