2025–2026 оқу жылының түлектеріне куәлік табыстау салтанатты рәсімі өтті.
🗓️ 28 мамыр күні ЮНЕСКО Клубы мүшесі, ШҚО Білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК-да 2025–2026 оқу жылының түлектеріне куәлік табыстау салтанатты рәсімі өтті.
🔹 Биыл мектеп қабырғасынан 26 түлек қанат қағып, өнер әлеміне алғашқы қадамдарын нық басып шықты. Салтанатты шара барысында мектеп директоры Бақытжан Омарғалиевна Аханова түлектерге куәліктерін табыстап, олардың болашақтарына сәттілік тілеп, өнер мен білім жолында биік белестерді бағындыруларына ақжолтай тілегін жеткізді.
🔹 Іс-шара барысында оқушылар музыка мектебінде алған білімдері мен өнерге деген сүйіспеншіліктерін мақтанышпен еске алып, ұстаздарына шынайы алғыстарын білдірді. Мектеп қабырғасында өткен жылдар олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, сахна мәдениетін, еңбекқорлық пен жауапкершілікті қалыптастырған маңызды кезең болды.
🔹 Түлектердің ата-аналары да сөз сөйлеп, балаларын өнер жолында тәрбиелеп, бағыт-бағдар берген ұстаздарға ризашылықтарын білдіріп, мектеп ұжымына шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледі. Олар музыка мектебінің бала бойындағы талантты ашып, эстетикалық талғам мен рухани құндылықтарды қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.
🌟 Бұл күн – түлектер үшін жаңа өмір белесіне бастар маңызды қадам, ал мектеп ұжымы үшін шәкірт жетістігінің жемісін көретін ерекше сәт болды. Балалар музыка мектебінің жас түлектеріне алдағы өмір жолында шығармашылық шабыт, жарқын жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!