01
октябрь
2026
1 қазан – Қарттар күні
🗓️ 1 қазан – Қарттар күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы ЮНЕСКО Клубының мүшесі, «Балалар музыка мектебі» КМҚК ұжымы ардагер ұстаздарымызды, еңбек майталмандарын, асыл буын өкілдерін мерекемен құттықтады.
🔹 Бұл күн – жас ұрпаққа өнеге болған адал еңбектің, имандылық пен ізгіліктің, отансүйгіштік пен адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен қазыналы қарияларға деген құрмет пен тағзымның белгісі.
💐 Іс-шара барысында мектеп директоры Аханова Бақытжан Омарғалиқызы ардагерлерге ізгі тілегін жеткізіп, жылы лебізін білдіріп, алғыс хат табыстады.
🎶 Мерекелік жиын жас ұстаздардың әсем ән-шашулары мен музыкалық тартуларына ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.