30
декабрь
2024
«Қош келдің, жаңа жыл» атты театрландырылған қойылым
28 желтоқсан күні ЮНЕСКО Клубының мүшесі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК театр сыныбының оқушылары жаңа жыл мерекесіне орай «Қош келдің, жаңа жыл» атты театрландырылған қойылым қойылды.
* Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар жаңа жыл мерекесіне арналған көңілді атмосфераны құру болды. Қойылымда балалар әр түрлі кейіпкерлерді бейнелеп, мерекенің басты сәттерін сахналық көрініс арқылы көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
