26
май
2025
Ішекті аспаптар, үрлемелі және соқпалы аспаптар бөлімінің «Музыка еліне саяхат» атты қорытынды есеп беру шығармашылық концерті өтті.
24 мамыр күні ШҚО Ұлан ауданы ЮНЕСКО Клубының мүшесі «Балалар музыка мектебінің» Ішекті аспаптар, үрлемелі және соқпалы аспаптар бөлімінің «Музыка еліне саяхат» атты қорытынды есеп беру шығармашылық концерті өтті.
🔹 Концерттің мақсаты – оқушылардың бір жыл бойы үйренген білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көпшілікке таныстыру, олардың сахналық мәдениетін қалыптастырып, өз өнерін сенімді көрсетуіне мүмкіндік беру болды.
🎶 Кеш барысында әртүрлі музыкалық шығармалар орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Скрипка, виолончель, үрлемелі және соқпалы аспаптарда орындалған туындылар көркемдік деңгейімен, шеберлікпен ерекшеленді. Оқушылар классикалық және халық музыкасы бағыттарында өз өнерлерін көрсетті.
🎼 Концертке ұстаздар, ата-аналар және мектеп қонақтары қатысып, балалардың жетістіктеріне зор ықыласпен қол соқты. Бұл кеш ұстаздар мен оқушылардың бірлескен еңбегінің жарқын нәтижесі болды.