«Алтай» телеарнасының «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламасының қонағы » Балалар музыка мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72338)2-04-34
БИН/ЖСН:
010 140 002 774
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алтай» телеарнасының «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламасының қонағы
12
январь
2026

«Алтай» телеарнасының «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламасының қонағы

 12 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының ЮНЕСКО Клубының мүшесі – «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның директоры, "Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісі, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағының иегері Аханова Бакытжан Омаргалиевна және жетіген, адырна сыныбының ұстазы Баекина Маржан Ғабиденқызы, оқушысы Ерғазы Жансу Өскемен қаласындағы «Алтай» телеарнасының «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламасының қонағы болды.
 
 
🔹 Бағдарлама барысында қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі – адырна туралы кеңінен мағлұмат беріліп, оның шығу тарихы, ерекшелігі мен үні жайлы қызықты ақпараттар айтылды. Көрермендер ұлттық аспаптың әуезді де сырлы сазына куә болып, тікелей эфирде орындалған музыкалық композицияларды жылы қабылдады.
 
 
🔹 Эфир қонақтары ұлттық өнерді дәріптеудің, жас ұрпаққа халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттаудың маңыздылығына тоқталып, балалар музыка мектебінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жетістіктер жайында да әңгімеледі.
 
 
🎶 Оқушы Ерғазы Жансу адырна аспабында орындаған шығармасы арқылы өз шеберлігін көрсетіп, көрермендер мен жүргізушілердің ыстық ықыласына ие болды.
 
 
🔹 Бұл танымдық кездесу ұлттық құндылықтарды кеңінен танытуға, дәстүрлі өнерімізді насихаттауға зор үлес қосты.

Мекен жайымыз
Шығыс Казақстан обласы, Ұлан ауданы, Қасыма Қайсенов ауылы, З.АХМЕТОВА, 26

©2021, Ресми сайт Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru