1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік концерт өтті.
🗓️ 1 маусым күні Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентіндегі Ардагерлер саябағында ЮНЕСКО Клубының мүшесі, ШҚО Білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ – бақыт мекені» атты мерекелік концерт өтті.
🔹 Мерекелік концерттің ашылу салтанатында ШҚО Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Садуакасов Рустам Семейбайұлы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, жас ұрпаққа жарқын болашақ, бақытты балалық шақ және шығармашылық табыстар тіледі.
🔹 Концерт бағдарламасында балалар музыка мектебінің оқушылары мен ұстаздарының орындауындағы вокалды, аспаптық және хореографиялық бағдарламалар ұсынылып, мерекенің мазмұнын айшықтай түсті. Әрбір өнер нөмірі көрермендердің зор қошеметіне ие болып, балалардың таланты мен еңбегінің жемісін көрсетті.
🔹 Осындай игі шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан балалар музыка мектебінің оқушыларына, ұстаздарына және «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ, Қ.Қайсенов кентінің орта мектебі» КММ-нің ұстаздары мен оқушыларына алғысымызды білдіреміз.
