«Адал еңбек - сенімді болашақ кепілі»
🗓️ 28 ақпан адалдық мәдениетін нығайту және мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша ШҚО Ұлан ауданы Балалар музыка мектебі қызметкерлері арасында «Адал еңбек - сенімді болашақ кепілі» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – ұжым мүшелеріне адалдық қағидаттарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік міндеттерді атқару барысында мүдделер қақтығысына жол бермеудің маңызын кеңінен насихаттау болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес адалдық пен әділдік қағидаттарын сақтау – әрбір қызметкердің кәсіби міндеті екені атап өтілді.
🔹 Іс-шара қорытындысында ұжымда адалдық мәдениетін нығайту, ашықтық пен әділдікті сақтау – мекеменің беделі мен сенімін арттырудың маңызды кепілі екені айтылды.