20
октябрь
2025
Баян сыныбының ұстазы Сергибаев Рахим Өскемен қаласындағы «Алтай» телеарнасының танымал таңғы бағдарламасы «Алтай таңы» эфиріне арнайы қонақ болып қа
🗓️ 20 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының ЮНЕСКО клубының мүшесі – «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның баян сыныбының ұстазы Сергибаев Рахим Өскемен қаласындағы «Алтай» телеарнасының танымал таңғы бағдарламасы «Алтай таңы» эфиріне арнайы қонақ болып қатысты.
🎶 Бағдарлама барысында ұстаз көрермендермен баян аспабының ерекшеліктері мен орындаушылық қырлары туралы сыр бөлісіп, ұлттық және классикалық туындылардан үзінділер орындады.
Шебер ұстаздың өнері мен кәсіби біліктілігі телеарна көрермендерінің жылы ықыласына бөленді.