Мурзабеков Жомар Ерікұлы Өскемен қаласындағы «Алтай» телеарнасының «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламасына арнайы қонақ ретінде
🗓️ 12 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы ЮНЕСКО Клубының мүшесі – «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның виолончель сыныбының оқытушысы Мурзабеков Жомар Ерікұлы Өскемен қаласындағы «Алтай» телеарнасының «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламасына арнайы қонақ ретінде шақырылды.
🔹 Бағдарлама барысында Жомарт Ерікұлы жас орындаушылардың өнерге деген ынтасын арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол студия қонақтарына виолончель аспабын таныстырып, оның терең дыбыстық мүмкіндіктерін көрсету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы мектептің рөлін жан-жақты жеткізді.
🔹 Сұхбат соңында Абай Құнанбаевтың «Айттым сәлем, Қаламқас» әні виолончельде шеберлікпен орындалып, телекөрермендер мен тыңдаушылардың жылы қабылдауына ие болды. Бұл өнер көрсету жас таланттардың шеберлігін көрсетуге ғана емес, сонымен қатар ұлттық музыка мұрасын насихаттау мен жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды қадамға айналды.