20
октябрь
2025
Этнофольклорлық аспаптар сыныбының ұстазы Шалғын Айдынұлы Өскемен қаласындағы «Алтай» телеарнасының «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламасында
🗓️ 20 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының ЮНЕСКО Клубының мүшесі – «Балалар музыка мектебі» КМҚК этнофольклорлық аспаптар сыныбының ұстазы Шалғын Айдынұлы Өскемен қаласындағы «Алтай» телеарнасының «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламасының қонағы болды.
🔹Бағдарлама барысында Шалғын Айдынұлы ұлттық музыкалық аспаптардың бірі — сыбызғының шығу тарихы, жасалу ерекшелігі мен орындаушылық дәстүрі туралы кеңінен әңгімеледі. Ол сыбызғының қазақ халқының мәдени мұрасындағы орны мен табиғат дыбыстарын бейнелеудегі ерекше үні жайлы айтып өтті.
🎶 Сондай-ақ, ұстаз сыбызғыда бірнеше әуен орындап, көрермендерге ұлттық аспаптың әсем үні мен мүмкіндігін көрсетті.