07
октябрь
2025
Байзолдина Жанерке Сайлауханқызы мен дарынды шәкірті Камзин Иманәлі Өскемен қаласындағы «Алтай» телеарнасының «Алтай таңы» атты танымал таңғы бағдарла
🗓️ 7 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының ЮНЕСКО Клубының мүшесі – «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның шертер және домбыра сыныбының ұстазы Байзолдина Жанерке Сайлауханқызы мен дарынды шәкірті Камзин Иманәлі Өскемен қаласындағы «Алтай» телеарнасының «Алтай таңы» атты танымал таңғы бағдарламасының қонағы болды.
🎵 Бағдарлама барысында студия қонақтары көрермен қауымға қазақтың төл аспаптарының ерекшелігі мен тарихы жайында әңгімелеп, ұлттық мұрамыздың қастерлі құндылығы – қазақтың қара домбырасы мен үш ішекті домбырасында өнер көрсетіп, әуезді үнінмен тыңдарманның жүрегін тербеді.