04
ноябрь
2024
Балалар музыка мектебінің хореография сыныбының оқушылары Өскемен қаласындағы «Алтай» телевидениесінде «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламасында
🗓️ 24 қазан күні «Республика күні» қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының ЮНЕСКО Клубының мүшесі Балалар музыка мектебінің хореография сыныбының оқушылары Өскемен қаласындағы «Алтай» телевидениесінде «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламаның қонағы болды.
🔹Бағдарлама барысында ұлттық өнер мен мәдениетті насихаттаушы жас өнерпаз биші оқушылар хореография сабақтарының маңызы туралы айтып, көрермендерге би өнерінің терең мәнін түсіндіріп, болашаққа деген үміттерін білдірді. Бағдарлама соңында жас өнерпаз оқушылар барша жұртты Республика күнімен құттықтап, өз өнерлерін көрсетті.