06
март
2026
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт
🗓️ 6 наурыз күні Ұлан ауданы Айыртау ауылында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы ЮНЕСКО Клубының мүшесі «Балалар музыка мектебі» КМҚК Айыртау ауылындағы домбыра, вокал және хореография сыныбының оқушыларының қатысуымен 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.
🔹Концерт барысында оқушылар аналар мен әжелерге, ауыл тұрғындарына арнап әсем әндер орындап, күмбірлеген күй тартып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Би сыныбының өнерпаздары да өздерінің көркем билерімен мерекенің сәнін келтірді.
💐 Мерекелік кеш аналарға деген құрмет пен алғыстың белгісі болып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.