26
август
2025
«Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында аудандық ұстаздардың дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
🗓️ 26 тамыз күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында аудандық ұстаздардың дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Жиында білім саласындағы өзекті мәселелер мен алдағы міндеттер талқыланды. Алқалы шараға аудан мектептерінің ұстаздары, білім бөлімінің мамандары, жұмысшы мамандары, сондай-ақ ардагер педагогтар қатысты.
🔹 Іс-шара аясында Балалар музыка мектебінің ұстаздары белсене ат салысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Ұжымның өнерпаздары көрерменге рухани мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ән мен күйге толы бұл қойылымдар ұстаздар қауымына шабыт беріп, жиынның мазмұнын одан әрі айшықтай түсті