26
сентябрь
2025
«Еңбек күні»
🗓️ 26 қыркүйек күні ЮНЕСКО клубының мүшесі Ұлан ауданы «Балалар музыка мектебі» КМҚК ұжымында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында еңбек адамын құрметтеу, олардың қоғамдағы рөлін дәріптеу және жас ұрпаққа өнеге көрсету мақсатында «Еңбек күні» аталып өтті.
💐 Шара барысында мектеп директоры Аханова Бакытжан Омаргалиевна қызметкерлерді мерекемен құттықтап, адал еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хаттар табыс етті.
🎶 Мерекелік жиын ұстаздардың әсем әндері мен әуезді әуендерімен жалғасып, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.