«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы » Балалар музыка мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72338)2-04-34
БИН/ЖСН:
010 140 002 774
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы
05
май
2026

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы

🗓️ 5 мамыр күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ұлан ауданы «Балалар музыка мектебі» КМҚК ұжымы Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтарымен бірлесіп тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізді.

🔹 Аталған шараға Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Айжан Игасанова, ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі салалық кәсіподағы филиалының төрайымы Бақытжан Мұнусова, орман саласының ардагерлері – Қазақстанның еңбек сіңірген орманшысы Татьяна Тютюникова, сондай-ақ музыка мектебінің ұстаздары мен өнерге құштар оқушылары қатысып, табиғатты қорғау жолындағы игі іске белсене атсалысты.

🌱 Акция барысында мектеп аумағына шырша көшеттері отырғызылып, айнала көркейтіліп, табиғат пен өнердің үйлесімді байланысы ерекше сезілді. Жасыл желекке жан бітірген бұл сәт – әр қатысушының жүрегінде табиғатқа деген жанашырлық пен қамқорлық сезімін оятты.

☘️ Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған саналы көзқарасты нығайту, экологиялық мәдениетті дамыту және жас ұрпақты табиғатты аялауға, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.




Мекен жайымыз
Шығыс Казақстан обласы, Ұлан ауданы, Қасыма Қайсенов ауылы, З.АХМЕТОВА, 26

©2021, Ресми сайт Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru