02
апрель
2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік
🗓️ 2 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Ұлан ауданы білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке шықты.
🍃 Сенбілікке мектеп ұжымы белсене қатысып, мектеп ауласындағы қоқыстарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Ұжым мүшелері қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау ісіне өз үлестерін қосып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалысты