10
март
2025
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марпатталды
* "Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, ШҚО Ұлан ауданы ЮНЕСКО Клубының мүшесі, «Балалар музыка мектебі» КМҚК директоры Аханова Бақытжан Омарғалиевнаны Қазақстан Республикасының Президенті табыстаған «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен шын жүректен құттықтаймыз!
* Бұл марапат Сіздің білім беру саласында ұзақ жылдар бойы атқарған қажырлы еңбегіңіздің, кәсіби шеберлігіңіздің және ісіңізге деген адалдығыңыздың нәтижесі болып табылады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру жолындағы сіңірген еңбегіңіз әрқашан жоғары бағаланып, құрметке лайық. Бұл атақ Сіздің қызметіңізге әділ баға мен лайықты құрмет көрсетілгендігін білдіреді.
* Сіз үшін ғана емес, барша ұстаздар қауымы үшін маңызды мәртебеге ие бұл атақ, сонымен қатар болашақта жаңа жетістіктерге жетуге ынталандыратын жарқын белгі болып табылады. Сіз өз ісіңізде үнемі үлгі көрсетіп, білім беру саласының дамуына үлес қосып келесіз.
* Алдағы уақытта балалар музыка мектебіміздің жаңа ғимаратында өз ісіңізді одан әрі дамыту жолындағы барлық қадамдарыңыз сәтті жүзеге ассын! Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық табыс және кәсіби қызметіңізде жаңа биіктерге жету тілейміз! Жаңа жеңістер мен жетістіктер сізді алда күтіп тұрсын!