«Таза Қазақстан – болашақ үшін» республикалық экологиялық акциясы » Балалар музыка мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72338)2-04-34
БИН/ЖСН:
010 140 002 774
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Таза Қазақстан – болашақ үшін» республикалық экологиялық акциясы
27
сентябрь
2025

«Таза Қазақстан – болашақ үшін» республикалық экологиялық акциясы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Таза Қазақстан – болашақ үшін» республикалық экологиялық акциясы Ұлан ауданының «Балалар музыка мектебі» КМК-ның аумағында өтті. Аталған шара Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Акцияға Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Темірбек Қасымжанов, төраға орынбасары Айжан Игасанова, ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі салалық кәсіподағы филиалының төрайымы Бақытжан Мунусова, «Верх-Уба орман шаруашылығы» КММ директоры Тұрсынхан Айтымбетов, орман саласының ардагерлері — Қазақстанның еңбек сіңірген орманшысы Татьяна Тютюникова және Рифат Ильясов қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға музыкалық мектеп ұжымы мен оқушылар да қатысты.

Акция барысында сібір шырша көшеттері отырғызылды.

Іс-шараның басты мақсаты - экологиялық жағдайды жақсарту, аумақты абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару және жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы олардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.


Мекен жайымыз
Шығыс Казақстан обласы, Ұлан ауданы, Қасыма Қайсенов ауылы, З.АХМЕТОВА, 26

©2021, Ресми сайт Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru