1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні » Балалар музыка мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72338)2-04-34
БИН/ЖСН:
010 140 002 774
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01
май
2026

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Аудандық балалар музыка мектебінде «Бір шаңырақ астында, достық пен татулық – басты байлығымыз» атты жарқын әрі көтеріңкі рухтағы хореографиялық этно би фестивалі өткізілді.


Шара барысында әртүрлі этностардың бай мәдениетін танытатын әсерлі би және музыкалық қойылымдар ұсынылып, көрермендерге мерекелік көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. Фестивальдің басты мақсаты – қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, достық пен өзара құрмет құндылықтарын дәріптеу болды.


Фестивальге Аудандық балалар музыка мектебінің ұжымы, Қоғамдық келісім орталығы мен Аналар және Әжелер алқасының мүшелері қатысты.


Аталған іс-шараға Облыстық аналар алқасының төрағасы, Үміт балалар үйінің директоры Майра Бейсеканова, төраға орынбасары Жұлдыз Актанжанова, сондай-ақ облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының өкілі қатысып, жылы лебіздерін білдіріп, мерекенің маңыздылығын атап өтті.


Мекен жайымыз
Шығыс Казақстан обласы, Ұлан ауданы, Қасыма Қайсенов ауылы, З.АХМЕТОВА, 26

©2021, Ресми сайт Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru