«ШЫҒЫС BALAFEST» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ұйымдастырған «ШЫҒЫС BALAFEST» облыстық балалар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті жоғары деңгейде өтті.
🎶 Аталған өнер мерекесінде ЮНЕСКО Клубының мүшесі, Ұлан ауданы «Балалар музыка мектебі» КМҚК-нің өнерлі оқушылары облыс сахнасында ауданымыздың мерейін асқақтатты. Гала-концертке мектептің «Сырлы саз» этно-аспаптар ансамблі мен «Тұмарым-ай» би тобы қатысып, ұлттық өнер мен заманауи шығармашылықты үйлестірген әсерлі өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.
✨ «Сырлы саз» этно-аспаптар ансамбліндегі адырна аспабының қоңыр үні, жетігеннің сырлы сазы мен сазсырнайдың әуезді әуенінің үйлесімділігі ұлттық өнердің қайталанбас әлеміне жетелеп, халқымыздың бай мәдени мұрасымен сусындатса, «Тұмарым-ай» би тобының «Роботтар биі» ерекше сахналық қойылымымен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жас өнерпаздар өздерінің жоғары орындаушылық шеберлігін, шығармашылық ізденісін және сахна мәдениетін көрсетіп, фестиваль қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
🎶 Фестиваль қорытындысы бойынша ұжымдарымыздың өнері жоғары бағаланып:
🔹 «Сырлы саз» этно-аспаптар ансамблі - «Бас жүлде» 🏆
💐 Жетекшісі: Баекина Маржан Ғабиденқызы
🔹 «Тұмарым-ай» би тобы - «Бас жүлде» 🏆
💐 Жетекшісі: Қондыбаева Жанар Кайратовна