Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының «Жылды жақсылықпен баста» акциясы » Балалар музыка мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72338)2-04-34
БИН/ЖСН:
010 140 002 774
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының «Жылды жақсылықпен баста» акциясы
05
февраль
2026

Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының «Жылды жақсылықпен баста» акциясы

🗓️ 05 ақпан күні Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының «Жылды жақсылықпен баста» акциясы аясында Өскемен қаласындағы «Қамқор» қарттар үйінде ШҚО Ұлан ауданы ЮНЕСКО Клубының мүшесі — «Балалар музыка мектебі» КМҚК «Қарттар – өмірдің шамшырағы» атты қайырымдылық концерттік бағдарламасын ұсынды.


Концерт барысында мектептің «Ұлан сазы», «Сырлы саз» жетігеншілер ансамбльдері, «Тұмарым-ай» би тобы және «Ұстаздар» вокалдық ансамблі өз өнерлерін жоғары деңгейде паш етті. Әр ұжым арнайы дайындалған көркемдік бағдарламаларын ұсынып, қарттарға арнап жүрекке жылы әсем әндер мен күйлер орындады.


Жас өнерпаздардың шынайы ықыласы мен сахналық мәдениеті көрермендердің көңілінен шығып, кеш ерекше жылылық пен қуанышқа толы болды. Қарттар үйінің тұрғындары өнерлі балаларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.


Бұл қайырымдылық шарасы ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісіне айналды. Осындай игі бастамалар қоғамда мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын дәріптей түседі.


Мекен жайымыз
Шығыс Казақстан обласы, Ұлан ауданы, Қасыма Қайсенов ауылы, З.АХМЕТОВА, 26

©2021, Ресми сайт Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru