Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы.
2025 жыл – қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын, композитор Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы. Осы мерейтой аясында ұлт руханиятының алтын қазығына айналған асыл мұраларын дәріптеу мақсатында елімізде түрлі мәдени-ағартушылық шаралар ұйымдастырылуда.
Осы бастаманы қолдау мақсатында ШҚО Ұлан ауданы ЮНЕСКО Клубының мүшесі, «Балалар музыка мектебі» КМҚК ұстаздары арнайы челленджге қатысып, Абайдың лирикалық шығармашылығындағы ең нәзік туындылардың бірі – «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.
Бұл ән – табиғаттың тылсым сұлулығын, махаббат пен адам жанының әсемдігін суреттейтін көркем туынды. Музыка мектебі ұстаздарының орындауындағы шығарма Абайдың өлмес мұрасына деген құрмет пен тағзымның белгісі болды.
Челлендждің мақсаты – ұрпақ санасына Абай даналығы мен оның рухани мұрасын терең сіңіру, өнер арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.