Наурызнаманың онкүндігі аясында - Мәдениет күні
Бүгін Өскемендегі «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында Наурызнаманың онкүндігі аясында Ұлан ауданының Балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ең алдымен ұландықтар ұлттық киімдерін киіп, халықты ортасына жинау үшін ел аузында жүрген әндерді айтып, сауда орталығын айналып шықты. Қала тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлау үшін әннен бөлек, күй де тартылды. Ұландықтар көпшілікке әз-Наурыздың келгенін осындай ерекше концерттік нөмірлермен көрсетті. Сауда орталығында кішкентайын ертіп, серуендеп жүрген өскемендіктер өнерпаздарға ілесіп, уақыттарын көңілді өткізді. Ол жерде ұлттық қана емес, заманауи әндер де шырқалды. Аудан әкімінің орынбасары Мәделхан Піржанов әз-Наурыз ізгілік пен мейірім мейрамы екенін атап өтті.
