14
март
2026
Наурызнаманың 10 күндігі аясында – 14 наурыз Көрісу күні
🗓️ Наурызнаманың 10 күндігі аясында – 14 наурыз Көрісу күні Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің ЮНЕСКО Клубының мүшесі – «Балалар музыка мектебі» баршаңызды ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін Көрісу күнімен құттықтайды!
🤝 Көрісу күні – халқымыздың бір-бірімен амандасып, амандық-саулық сұрасатын, ағайын-туыс пен көрші-қолаңның қауышып, ізгі тілектер айтатын ерекше мерекесі.
Бұл күні үлкенге құрмет көрсетіліп, кішіге ізет білдіріледі, ақсақалдар батасын беріп, татулық пен сыйластықтың қадірі арта түседі.
✨ Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында әр шаңыраққа береке, бірлік, амандық тілейміз! Көрісу күні құтты болсын!