30
август
2023
30 тамыз Конституция күні
🗓️ 30 тамыз күні Ұлан ауданының мәдениет үйінде ШҚО Білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК өнерлі ұстаздары және Ұлан аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірге Еліміздің ең маңызды мерекесі – Қазақстан Республикасының Конституция күні арналған «Айбынды асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты мерекелік іс-шараны өткізді.
🔹Мерекелік кеште Қасым Қайсенов кентінің әкімі Рамазанов Адылбек Кенжебекұлы барша тұрғындарды 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтады, мерекелік шараның жалғасы әсем әуендер және қызықты ойындармен өз жалғасын тапты. Ойын барысында көзге түсіп, жеңіп шыққан сайыскерлерге
Қ.Қайсенов кенті әкімінің сыйлықтары табысталды.
🔹30 тамыз Конституция күні құтты болсын! Бұл күн бізді рухтандырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйласын. Отанымыз Қазақстан Республикасына жарқын болашақ тілейміз!
«Ата заңым -айбыным»