05
октябрь
2023
«Ұстазын ұлықтаған - ел бақытты»
🔹5 қазан күні Ұлан ауданның мәдениет үйінде Балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен «Ұстазын ұлықтаған - ел бақытты» атты аудандық ұстаздар күні мерекесі аталып өтілді. Мерекеде білім саласында ұзақ жылдар талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізген бірқатар ұстаздар марапатталды.
🔹Салтанаты шараның жалғасы Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебінің» КМҚК оқушылары мен ұстаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Өз өнерлерін көрсеткен өнерпаздар келген ұстаздар мен қонақтардың ризашылығына бөленді.

