«Еңбек күні» » Балалар музыка мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72338)2-04-34
БИН/ЖСН:
010 140 002 774
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
сентябрь
2023

«Еңбек күні»

Еңбек күніне орай «Еңбек пен өнер: ұстаз тәжірибесі – жас маманға бағыт» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

          2026 жылғы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК-да Еңбек күніне орай ардагер ұстаздар мен жас мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары өткізілді.
          Іс-шараға мектептің ардагер оқытушысы, тәжірибелі ұстаз Нурсултанов Серік Боханович және вокал сыныбының оқытушысы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, профессор Нургожина Альмира Бекказыевна қатысты.
          Шеберлік сабақтарының негізгі мақсаты – жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогикалық тәжірибе алмасу, музыкалық білім беру саласындағы тиімді оқыту әдістерін насихаттау және ұстаздар сабақтастығын нығайту.
          Сабақ барысында ардагер ұстаздар көпжылдық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, музыкалық пәндерді оқытудағы әдіс-тәсілдерді көрсетті. Жас мамандар кәсіби шеберлікті жетілдіру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру бойынша тәжірибелік білім алды. Музыка мектебінің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, сабақтардың мазмұнын байыта түсті.
          Кездесу соңында ардагер ұстаздар жас педагогтерге кәсіби ізденіс, шығармашылық табыс және жауапты да абыройлы ұстаздық қызметтеріне сәттілік тіледі.
          Осындай тағылымды іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етіп, тәжірибелі ұстаздардың өнегесін жас буынға жеткізуге, ұлттық өнерді дәріптеуге және сапалы музыкалық білім беруді дамытуға мүмкіндік береді.




Мекен жайымыз
Шығыс Казақстан обласы, Ұлан ауданы, Қасыма Қайсенов ауылы, З.АХМЕТОВА, 26

©2021, Ресми сайт Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru