
18 желтоқсан күні ШҚО білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК ұжымы және директоры Аханова Бакытжан Омаргалевнаны білім беру жолында атқарған елеулі еңбектері үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың атынан «Алғыс хат» табысталды.

Бұл жетістік — Балалар музыка мектебінің қажырлы еңбегінің арқасы, алдағы уақытта жаңа ғимаратта білім берудің жаңа форматтарында жұмыс істей отырып, өнерді дамыту жолында жаңа биіктерге жетіп, шығармашылық шыңдарды бағындырамыз деген сенімдеміз.