26
ноябрь
2024
Кәсіптік бағдар беру бойынша шеберлік сабақтарын өткізді
🗓️ 23 қараша күні ЮНЕСКО Клубының мүшесі, ШҚО білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің Балалар музыка мектебінде ШҚО Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің орыс халық аспаптары бөлімінің оқытушылары мен студенттері кәсіптік бағдар беру бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.
🔹Іс-шарада өнер училищесінің ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға өнер саласында кәсіби бағыт-бағдар беруді мақсат еткен. Шеберлік сабақтары барысында студенттер мен оқытушылар орыс халық аспаптарының тарихы мен олардың қазіргі заман өнеріндегі рөлі туралы айтып, аспаптарда ойнау техникасын көрсетті. Сонымен қатар, музыка мектебінің оқушыларына жаңа мүмкіндіктер мен болашақ мамандықтар туралы ақпарат беріліп, олардың кәсіби дамуында маңызды қадам жасалынды.
🔹Мұндай шаралар балалар мен жасөспірімдерге өнер саласындағы шығармашылық мүмкіндіктер мен таңдау жасау жолдарын көрсетуге, болашақта осы салада жетістікке жетуге ынталандыруға көмектеседі.