«Менің сүйікті шығармам» атты аудандық байқауы
🗓️ 25 сәуір күні ШҚО Ұлан ауданы білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК ұйымдастыруымен «Менің сүйікті шығармам» атты аудандық байқау өтті.
🔹 Байқаудың мақсаты – оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру, өзін-өзі дамытуына және шығармашылық тұрғыда өзін көрсетуіне жағдай жасау, сахна мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ музыкалық талғамы мен стилін тәрбиелеу.
🎼 Байқау келесі номинациялар:
🎻 Ішекті аспаптар бөлімі
🎺 Үрмелі, соқпалы аспаптар бөлімі
🎶 Қазақ халық аспаптары бөлімі
🎸 Орыс халық аспаптары бөлімі
🎹 Фортепиано бөлімі
🔹 Байқауға Айыртау, Ұлан, Тарғын, Алмасай ауылдарындағы сынып оқушылары және Қ.Қайсенов кентінің жас өнерпаздары қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберліктерін паш етті.
💐 Барлық қатысушылар Бас жүлде, I, II, III дәрежелі диплом, сертификаттармен марапатталды.