Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру, аттестация процесін түсіндіру және педагогикалық тәжірибені бөлісу » Балалар музыка мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72338)2-04-34
БИН/ЖСН:
010 140 002 774
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру, аттестация процесін түсіндіру және педагогикалық тәжірибені бөлісу
18
ноябрь
2024

Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру, аттестация процесін түсіндіру және педагогикалық тәжірибені бөлісу

🗓️ 1 қараша күні ШҚО білім басқармасының Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК-да әдістемелік кеңес өтті. Бұл кеңесте ұстаздар ұжымы аттестация ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру, аттестация процесін түсіндіру және педагогикалық тәжірибені бөлісу мақсатында ұйымдастырылды.

📝 Түсіндірме барысында ұстаздар аттестацияға дайындық, қажетті құжаттар, бағалау критерийлері туралы жан-жақты ақпарат алды. Кеңесте аттестацияның негізгі кезеңдері, өткізілетін құжаттарды рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ, әр мұғалімнің өзін-өзі бағалауы мен рефлексия жүргізуінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

📝 Сонымен қатар, ұстаздар өзара тәжірибе алмасу арқылы тиімді оқыту әдістері мен инновациялық педагогикалық тәсілдерді талқылап, бір-біріне қолдау көрсету мақсатында пікір алмасты. Мұндай кездесулер ұстаздардың кәсіби дамуында маңызды рөл атқарады, білім беру сапасын арттыруға және оқу процесін жетілдіруге септігін тигізеді.





Мекен жайымыз
Шығыс Казақстан обласы, Ұлан ауданы, Қасыма Қайсенов ауылы, З.АХМЕТОВА, 26

©2021, Ресми сайт Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru