24
февраль
2022
Балалар музыка мектебі "Алтай таңы" бағдарламасында
. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебінің» Ұлан ауылынан ашылған домбыра сыныбының оқушылары Айгерім Демократ, Нұрай Жеңіс және оқушылардың домбыра сыныбының ұстазы Дюсупова Майра Шакеровна Өскемен қаласындағы «Алтай» телевидениесінде «Алтай таңы» атты таңғы бағдарламада болды. Бағдарлама кезінде домбыра сыныбының ұстазы Майра Шакеровна қазақтың күй өнеріндегі домбыраның алатын орны және аспапты меңгеру саласындағы өзінің сырымен бөліссе, ал жас өнерпаз оқушылары домбыраның қоңыр үнін күмбірлете күй ойнап, таңғы бардарламаны ерекше көңіл-күйге бөлеп қайтты.

