01
ноябрь
2023
Қосымша білім бойынша оқушылардың демалыс кезін ұйымдастыру
🔹 Балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуіне би өнерінің ролі өте жоғары. Би хореография жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Солардың негізінде күзгі демалыс кезінде қосымша білім бойынша оқушылардың демалыс кезін тиімді пайдалану мақсатында Балалар музыка мектебінің хореография сыныбының оқытушысы Сарбасова Т.В. оқушыларына казіргі жан-жақты заманауи билерімен жұмыс жүргізуде. Оқушыларымыздың биге деген қызығушылықтары жылдан-жылға артып келеді.

