31
декабрь
2022
Қысқы демалыс кезінде оқушылардың сақтық шараларын сақтау туралы ЖАДЫНАМА
Қысқы демалыс кезінде оқушылардың сақтық шараларын сақтау туралы
ЖАДЫНАМА
ЖАДЫНАМА
- жолдың жүргінші бөлігінде өте сақ болыңыз, жол жүру ережелерін сақтаңыз.
- қоғамдық көлікке мінгенде немесе түскен кезде, аялдамаларда өте сақ болыңыз.
- жер көк тайғақ болса, жылдам жүрмеңіз, жаяу жүргіншілерді қуып жетпеңіз.
- мұз айдындарда, сырғанақ басында абай болыңыз, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
- ойын ережелерін сақтаңыз, қаршық ойыны кезінде оның бетіңіз бен басыңызға тиюінен қорғаныңыз.
- ғимарат бойымен жүрмеңіз - қардың немесе сүңгілердің (мұздардың) құлауы мүмкін.
- су қоймалары маңында жүрмеңіздер, мұз бетіне шықпаңыз. (мұз жарылып кетуі мүмкін)
- бенгал оттары, отшашулар, пиротехникалық заттардан абай болыңыздар.
- адам көп жиналатын жерлерге жүрмеуіне, санитарлық дезинфекциялық режимін қатаң сақтап, инфекциялық аурулардың алдын алу шараларын қадағалауды естен шығармау.
- үлкендерсіз кешкі сағат 21.00-ден кейін көшеде жүруге болмайды.