22
февраль
2022
Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері, композитор, этномузыкант Еділ Сейілханұлы Құсайновпен шеберлік сабағы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебінде» ақпан айының 22 күні Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері, композитор, этномузыкант Еділ Сейілханұлы Құсайнов Балалар музыка мектебінің ұжым ұстаздарымен, оқушылармен кездесіп, кезекті шеберлік сабағын өткізді. Кездесу барысында Еділ Сейілханұлы сазсырнай, сыбызғы, шаңқобыз аспаптарын жетік меңгеруде өз тәжірибесімен бөлісіп, алдағы уақыттарда ұстаздармен байланысын үзбей, қашықтықтан онлай сабақтар өткізуі жоспарланды.

