04
октябрь
2023
Ұстаздар күнімен...

Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мұғалімдер күнімен құттықтаймын. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашанда ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін! Сіздерге зор денсаулық, қэұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін!