08
май
2026
2025-2026 оқу жылының қорытынды есеп.

🗓️ 8 мамыр күні ШКО білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
📃 Күн тәртібінде қаралған сұрақтар:
🔹Балалар музыка мектебінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жакупова Ж.К. 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша есеп беріліп, ата-аналарға оқу жылының аяқталуына байланысты жаз мезгілінде оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндірілді.
🔹Балалар музыка мектебінің директордың бейін бойынша орынбасары Кондыбаева Ж. К.
◽Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шараларының мамыр айының жоспары бойынша білім беру мекемелерінде білім алушылардың ата-аналарынан заңсыз ақша жинауға тыйым салынғандығы туралы айтып өтті.
◽ Жаңа оқу жылына ата-аналарға оқушыларды қабылдау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттар тізімімен таныстырды.
🔹Балалар музыка мектебінің есепшісі Әлімғожина З. Ә 2025-2026 оқу жылында бөлінген бюджет қаражатының орындалуы туралы ата-аналар алдында есеп берді.