17 мамыр күні ШКО білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде қаралған сұрақтар: Балалар музыка мектебінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жакупова Ж.К. 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша есеп беріліп, ата-аналарға оқу жылының аяқталуына байланысты жаз мезгілінде оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндірілді. Балалар музыка мектебінің директордың бейін бойынша орынбасары Кондыбаева Ж. К. сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шараларының мамыр айының жоспары бойынша білім беру мекемелерінде білім алушылардың ата-аналарынан заңсыз ақша жинауға тыйым салынғандығы туралы айтып өтті. Балалар музыка мектебінің есепшісі Әлімғожина З. Ә және бас-есепші Мусабаева Н.Б. 2024-2025 оқу жылында бөлінген бюджет қаражатының орындалуы туралы ата-аналар алдында есеп берді.