28
январь
2025
«Қазақ халық аспаптары: Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту жолдары» тақырыбында вебинар
2025 жылы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК «Қазақ халық аспаптары: Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту жолдары» тақырыбында вебинар өткізді.
* Вебинарда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы ЮНЕСКО Клубының мүшесі «Балалар музыка мектебі» КМҚК жетіген сыныбының оқытушысы Баекина Маржан Ғабиденқызы модератор, спикер ретінде қатысып «Балалардың есте сақтау, эмоциялық, моторикалық шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында және «Балалар музыка мектебі» КМҚК қобыз сыныбының оқытушысы Мекенова Аида Жандосқызы спикер ретінде қатысып «Мектепке дейінгі балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру тақырыбында вебинар тыңдаушыларына өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті.