қаласы Оралхан Бөкей кітапханасында «Ұлттық санаңды серпілт»
🔹 2 наурыз күні Өскемен қаласы Оралхан Бөкей кітапханасында «Ұлттық санаңды серпілт» тақырыбында рухани іс-шара өткізілді. 🔹 Іс-шарада Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы ЮНЕСКО Клубының мүшесі Балалар музыка мектебінің ұстаздары мен оқушылары қазақ халқының көне аспаптары, атап айтқанда: қыл-қобыз, жетіген, шертер, шаң қобыз аспаптарының шығу тарихымен таныстырып, өнерпаз оқушыларымен бірге аспаптарда өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді рухани серпілтіп, ризашылықтарына бөленіп қайтты.