02
декабрь
2025
«Жас Виртуоз» аудандық байқауы.
💐 28 Қараша күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы ЮНЕСКО Клубының мүшесі "Балалар музыка мектебі» КМҚК 45 жылдығына арналған халық аспаптары арасында «Жас Виртуоз» атты дәстүрлі және қашықтықтан аудандық байқау өткізілді. Байқауға халық аспаптары бөлімінің оқушылары өз бақтарын сынап, өнерлерін ортаға салды. Әр қатысушы байқауда өзінің шеберлігін көрсетіп, ұстаздарының тәлімдері мен еңбектерін жоғары деңгейде дәлелдеді. Байқаудың мақсаты – жас дарындарды қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сондай-ақ музыкаға деген сүйіспеншілігін ояту болды.
💐 Жүлделі орындарға ие болған оқушылардың таланты мен еңбекқорлығы айқын көрініп, олар өздерінің жетістіктері арқылы ұстаздарының алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жетуіне ықпал ететінін көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша, ең үздік орындаушыларға дипломдар табысталды.