26
ноябрь
2024
Тарғын ауылындағы домбыра сыныбының оқушылары мен жетекші Кашей Ардақ Өскемен қаласы «Алтай» арнасының «Алтай таңы» бағдарламасында
🗓️ 20 қараша күні ЮНЕСКО Клубының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК Тарғын ауылындағы домбыра сыныбының оқушылары мен жетекші Кашей Ардақ Өскемен қаласы «Алтай» арнасының «Алтай таңы» бағдарламасының кезекті қонақтары болды.
🔹 Бұл кездесуде оқушылар мен ұстаз өздерінің музыка өнеріне деген құштарлығын білдіріп, қыл қобыздың, домбыраның қасиетін, оның қазақ халқының рухани байлығындағы маңызын ерекше атап өтті. Бағдарлама соңында «Задоринка» касықшылар ансамблі өнер көрсетіп, студия тыңдаушыларына ерекше әсер қалдырды.
💐 Бұл сұхбат Тарғын ауылындағы балалар музыка мектебінің шығармашылық әлеуетін көрсету, сондай-ақ өнерді насихаттау тұрғысынан маңызды болды.