27
февраль
2023
«Көктем жұлдыздары» атты қыз сыны байқауы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебінің» Сағыр ауылынан ашылған хореография сыныбының оқытушысы Тлеуқанова М. Б ұйымдастырумен «Ұлан ауданының 95 жылдығына» және алда келе жатқан көктем мерекесіне арнап 24 ақпан күні, Сағыр ауылының мәдениет үйінде «Көктем жұлдыздары» атты қыз сыны байқауы өтті. Байқаудың жоғарғы деңгейде өтуіне ұйымдастырушылық үлесі үшін және ұстаз ретінде дарынды да, талантты шәкірттер тәрбиелеп, үздік нәтиже көрсеткені үшін хореография сыныбының оқытушысы Тлеуқанова Маржан Базылқызына алғысымыз шексіз.

